Өмір намазсыз азан мен азансыз намаздың арасындай 205

Өмір намазсыз азан мен азансыз намаздың арасындай

02 қазан 2020 563 Оқу 1 минут

Бір күні жасы үлкен қариядан немересі:

– Ата! Бір адамның өмірі шамамен қанша уақыт? – деп сұрағанда, қария күлімдеп:

– Азан мен намаз арасындағы уақыт, балам, - деп жауап береді.

Немересі түсінбеген сыңай танытып:

– Сонда қалай? Өмірдің осыншалықты қысқа болғаны ма? - деп сұрайды. Атасы да немересінің көңілін жықпай, сұрақтарына күлімсіреп жауап береді:

– Иә, балам! Өмір намазсыз азан мен азансыз намаздың арасындай, - дейді. Немересі қайта таңқала сұрайды:

– Намазсыз азан мен азансыз намаз деген сөзіңізді қалай түсінем, ата?

– Ботақаным-ау, өткенде көршіміздің баласы дүниеге келді. Сәбидің құлағына азан айтылды, есіңде ғой?

– Иә.

– Сол азанның намазы оқылды ма?

– Жоқ.

– Ол азан «намазсыз азан» болатын. Ал адам дүниеден қайтатын кезде оқылатын намаздың, яғни, жаназа намазының азаны айтылмайды. Міне, сол – «азансыз намаз». Ол намаздың азаны адам туған кезде оқылып қойған еді...


? https://t.me/muftyat_kz

? #ғибратнама

Ұқсас жазбалар

Тура биде туған жоқ...

Тура биде туған жоқ...

29 қыркүйек 2020 1162
Жаман әйел

Жаман әйел

22 ақпан 2021 28022
Ғұлама мен қойшы

Ғұлама мен қойшы

30 қыркүйек 2020 642