Мұнайшыларға жат ағымнан сақтандыру жұмысы жүргізілді 4010

Мұнайшыларға жат ағымнан сақтандыру жұмысы жүргізілді

11 желтоқсан 2024 389 Оқу 0 минут

Шалқар ауданы, Бершігүр ауылдық округінің «Мугалжар нефтестрой» ЖШС – қызметкерлерімен «Жат ағым торына кімдер түседі?» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков пен Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев мекеме қызметкерлеріне жат ағымның зардаптары, оның жетегінде кететін азаматтардың сипаттары және жат ағымнан қалай қорғану керектігін толықтай түсіндіріп өтті.

Одан өзге, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.