Хромтаулық 32 отбасыға Ораза Айт қоржыны таратылды 3345

Хромтаулық 32 отбасыға Ораза Айт қоржыны таратылды

10 сәуір 2024 838 Оқу 1 минут

Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтановтың ұйымдастыруымен жергілікті 32 мұқтаж отбасыға азақ-түлікке толы Ораза қоржындары таратылды. Жалпы салмағы 370 келіні қамтитын, жалпы сомасы 173 500 теңгені құрайтын қайырымдылық қоржындары мұқтаждарға табысталды. Көмек алған кісілер алғыстарын айтып, баталарын берді.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі