Қарттарға бізден құрмет бар 908

Қарттарға бізден құрмет бар

02 қазан 2021 161 Оқу 1 минут

1 қазан – қарттар күніне орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен қазыналы қарттарымызға дастархан жайылды. 

Іс-шара барысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы қарияларымызды мерекемен құттықтады.

Дастархан басында қарттарымыз бас имамға, мешіт ұжымына, шараның ұйымдастырушыларға ризашалықтарын білдіріп, қазіргі уақытта жалпы ҚМДБ-ның және барша имамдардың руханият саласында еңбегінің зор екендігін айтып өтіп, алғыстарын жаудырды. Сонымен қатар мешітте атқарылып жатқан шараларға көңілдері толатындығын жеткізді.

Қарттарға құрмет көрсетуге арналған шарада облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, қарилар орталығының басшысы Бекжан қари Әлденов Құран оқып, облыстың Бас имамы дұға бағыштады.

Одан өзге мерекеге қарсаңында мешітіміздің ақсақалдар алқасының мүшесі, дін жанашыры Қабден Қуандық қажы ақсақалды арнайы құттықтап, жеміс жидек салынған қоржын табыстаумен шара жалғасын тапты.

Қуандық қажы ақсақал ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді,

Ақтөбе облысының өкілдігі атынан Алла Тағаладан қарияларымызға қуат, ғұмырларына береке тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі