Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұжымы марапатталды 3154

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұжымы марапатталды

22 желтоқсан 2023 3486 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы жыл басынан бері жасалған жұмыстар легін қортындылап, жоспар бойынша атқарылған істердің нәтижесін атап өтті. 

Бас имам оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық, оңалту жұмыстары бойынша белсенді қызмет атқарып, жауапкершілік танытқан ұжым мүшелерін марапаттады. Сондай-ақ, қоғамдық іс-шаралар өткізуде аянбай еңбек қылған әрі мешіттің тазалығы мен күзет қызметінде барынша тиянақтылықпен жұмыс жасаған қызметкерлердің еңбегін ескеріп, ерекше алғыс білдіріп, сый-сияпат тарту етті.

Өңірімізде орны бөлек тарихи мешітте қызмет ету де үлкен мәртебе екендігін ескерген бас имам барша ұжымның отбасыларына амандық тілеп, істеріне береке тіледі.

Бүгінгі таңда, мешітте 20 қызметкер қызмет етеді.

Айта кетейік, 2023 жылы мешітте атқарылған ең маңызды жұмыс құлшылық ордасының жанынан 1000 орындық намазхана құрылысы аяқталып, жамағат игілініне берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі