«Зекет және қайырымдылық» қоры ерекше жандарға арналған республикалық игі шара өткізді 5199

«Зекет және қайырымдылық» қоры ерекше жандарға арналған республикалық игі шара өткізді

24 қазан 2025 2 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры Ерекше жандардың халықаралық күніне орай республика көлемінде қайырымдылық шараларын жүзеге асырды.

«Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, бірқатар азаматтарға мүгедек арбасы мен медициналық көзілдірік табысталды. Сондай-ақ бірнеше отбасыға қаржылай көмек беріліп, азық-түлік себеттері үлестірілді.

Аталған игі бастаманың мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар жандарға материалдық және рухани қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын нығайту.