Тұсауын кесті... 1037

Тұсауын кесті...

29 қазан 2021 1750 Оқу 1 минут

 Дінтанушы, магистр, «Бәубек баба» қоғамдық қорының төрағасы Ақылбек Дадиннің 4 кітабы жарық көріп, Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханада тұсаукесері өтті. 

«Аңызға айналмаған ақиқат», «Қырық парыздың баяны», «Әке жолы», «Бәубек ұрпақтарына тарихи мұра» энцеклопедиясының І-томы кітаптарының танытымына Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, дін мамандары, «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Бабанұлы, ақын-жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Ханафи мәзһабы негізінде жазылған «Қырық парыздың баяны» кітабының тұсауын кесіп, әрбір мұсылманның ұстануына міндетті 40 парызы туралы қарапайым жатық тілде жазылғанын айта келіп, қоғамдағы жаңа еңбектің маңыздылығына тоқталды.

Ақылбек қажы Дадиннің дін тақырыбында жазылған ғибрат әңгімелер мен құлшылыққа көмек тарауларынан құралған «Аңызға айналған ақиқат» пен «Қырық парыздың баяны» кітаптары Дін істері сараптамасынан өткен.

Ал автордың «Баубек ұрпақтарына тарихи мұра.Энцеклопедия» атты еңбегі сериялық түрде жалғасы алдағы уақытта жарық көреді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі