ТҮРКИЯДАҒЫ 1000 СТУДЕНТКЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ 6128

ТҮРКИЯДАҒЫ 1000 СТУДЕНТКЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

24 наурыз 2026 9 Оқу 1 минут

Рамазан - қайырымдылық пен бірліктің, ізгілік пен бауырластықтың айы. Осы қасиетті айдың мәресінде Түркия Республикасының түкпір-түкпірінде білім алып жатқан қазақстандық жастар үшін ауқымды рухани шаралар легі ұйымдастырылды.

Бұл игі шара ҚМДБ-ның Түркия Республикасындағы өкілдігі мен «Талаба» студенттер қауымдастығының бастамасымен, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тікелей қолдауымен жүзеге асты. Ерекше атап өтерлігі, бұл жобаға Қазақстандағы барлық облыстық өкілдіктер имамдар мен ел ішіндегі жомарт жүректі жекелеген азаматтар бір кісідей атсалысып, демеушілік жасады.

Түркияның студенттер шоғырланған бірнеше ірі аймақтарында жайылған ақ дастархандарда 1000-нан астам қазақстандық студент бас қосты. Бұл — жат жерде білім қуып жүрген шәкірттеріміз үшін туған өлкенің ыстық ықыласы мен ағалық қамқорлығының шынайы көрінісі болды.

Рухани кеш барысында ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі Абдурашит Зиядинұлы жиналған шәкірттерге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының хазіреттің ыстық сәлемі мен ақ батасын жеткізді. Еліміздің барлық өңірлерінен жеткен бұл көмек пен жекелеген демеушілердің бауырмалдығы — алыста жүрген жастарға үлкен рухани жігер беріп, елге деген сағыныштарын басты.

Алла Тағала қасиетті айдағы барша ниеттерді қабыл етіп, демеушілік жасаған әрбір азаматтың кәсібіне береке берсін! Жастарымыздың білім жолындағы қадамдары нық, болашақтары жарқын болғай!