Облыстың Бас имамы түрік ақыны Фатиһ Сұлтанмен кездесті 4883

Облыстың Бас имамы түрік ақыны Фатиһ Сұлтанмен кездесті

29 қыркүйек 2025 108 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев түрік ақыны, аудармашы Фатиһ Сұлтан Йылмазбен кездесті.

Облыстың Бас имамы Түркия мемлекетінен арнайы келген «Өзін іздеген адам», «Қараңғылықты көміп тастағандардың әні», «Үміт жасау шеберханасы», «Абайдың өліммен сынағы», «Өзіне жүрген адам» еңбектерінің авторы Фатиһ Сұлтанды «Әдебиет. Рух. Қоғам» халықаралық қаламгерлер байқауында Қуандық Шаңғытбаев атындағы номнация иегері атанған жеңісімен құттықтады.

Сонымен қатар Амантай Садиев қазақы дәстүр бойынша құрмет жасап, қара шаңырақ "Мүфтият" баспасынан шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітабын сыйға табыстады.

Кездесу барысында екі ел арасында ақын-жазушылардың шығармашылығы талқыланды. Түрік ақыны бас имамға қонақжайлықтары мен ілтипатына алғысын білдірді

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі