Тәрбие көзі – иманда 685

Тәрбие көзі – иманда

06 шілде 2021 148 Оқу 1 минут

Менің де айтарым бар сыр ұққанға

Небір ойлар келеді тыныққанда

 

Бұл тақырып жаныма жақын болғандықтан қоғамда қызмет етіп жатқан азамат ретінде ,бала тәрбиелеп отырған ұстаз ретінде де пікірімді жазғым келді.

Балажан халықтардың бірі қазақ та балаға болашағым деп қарайды,игі де зор үміт артады,әр ата-ана арманын ұрпағына аманат ғып тапсырады.Бала ұрпақты баулу тәрбиелеу –баба ұрпақ пен аға ұрпақтың иойнына жүктелетін тарихи парыз,игілікті уәзипа.»Әйтеуір баланың қарны аш,иіні жалаңаш болмаса жетеді де,одан арғының қажеті не?» деу тым ұшқары ой. Асырау мен асыл тәрбие беру екі сала мәселе,айырмасы жер мен көктей.Қай халықты алсаңыз да,әлгі айтылған борыш-міндетті қалтқысыз пайымдайды,мәселен қазақ атамыз «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса,ел болғаны қайсы?»демей ме?


Әлі есімде бар...

Бір шатырдың астында бірге түнеп шықсақ та,біздерді тіліміз жаңа шыққан бөбектерді таңертең тұрғанда атамыз үйдегі үлкен кісілерге немесе келген қонақтарға сәлем бергізіп үйрететін.Жөндеп сәлемдесе алмасақ,қайтадан қайталататын.Қазір ойласам,бұл үлкендердің ойсыз өктемдігі,тізесі емес,тәлімі екен.Екіншіден көптің алдында қысылмай сөйлеуге ысылдыруы екен.Аылдық жерлерде тыста кездескен таныс бейтаныс ақсақалды кісіге кішінің –жас адамның сәлем беруі құптарлық салт емес пе?Жасы үлкенге бас тарту,жамбас ұстату ,жылы-жұмсақты солардың алдына тосу-осының бәрінің тәрбиелік түйіні бар емес пе?Дәрменсіз қартты мүсіркеу ғана емес,көпті көрген ,көпті басынан өткерген ардагерді,бір кезде елге елеулі еңбек сіңірген ер-азаматты ардақтауға баулитын дәстүрдің жақсы бір үлгісі бұл!


Қоғамдағы бүкіл проблема адамнан...

Адамның проблемасы тәрбиесіздік пен білімсіздіктен...Тәрбиенің бастауы балалық шақта...бала айтқанды емес,көргенді жасайды....демек ұрпаққа көшелілік көрсету үшін,үлкендер өз мойнында аманат пен жауапкершілік бар екенін терең сезіну керек.. Үлкендер үлгі көрсетсе,бала аманатшыл болады.ондай бала қоғамға араласса,төңірегі одан рахат көреді.көпшіл,әділетті,еңбекқор перзент көбейсе қоғам түзеледі. Жан-жағымыз нұрланады... Асықсақ та,аптықсақ та,сабыр қылсаң да,шағым қусаң да қоғамды өзгертудің түпкі себебі сонда жатыр.Адам өзгермей адамның пейілі өзгермей,тәрбие мен тәртіп әр адамның өзегінен өнбей АЛЛА бір қауымның жағдайын жақсылыққа өзгертпейді.Ал,өзін өзгерткен пенде 17 жасында да пайдалы,175 ке келсе де шамшырақ!


Баланы жастан...

Бір кісі үш жасар және жеті жасар екі баласын ілестіріп,футбол ойынын тамашалау үшін орталық стадионға барады.Касса маңдайшасында:

Билет құны:

«Үлкендерге 1000тг

6 жастан асқан балаларға 500 тг

6 жасқа толмаған балаларға кіру тегін»! деген жазуларды оқиды да кассирге:»Маған екі билет беріңіз.Бір үлкен,екіншісі 7 жасар балаға дейді».Сонда артында кезек күтіп тұрған жігіт ағасы:»Балаң алтыға толмаған десең кім тексеріп жатыр.500 теңгең қалтаңда қалар еді ғой»,-дейді өзінше жанашырлық танытып.Сол кезде әлгі кісі өнегелі әкенің үлгісін танытып:

«Иә,дұрыс айтасыз ағасы.Алайда біз байқамағанмен ,балалар сөздің төркінін түсініп,парқын айыра алады.сосын олар мұндай жайттарды өмір-бақи ұмытпайды.Шындықты айтып адал болсын десек,алдымен өзімізден бастау керек қой.500 теңгеге бола еш уақытта оңалмас қате тәрбиеге ұрындырып өкініп қалар жайым жоқ»,-деп жауап қайтарыпты.Неткен даналық,неткен имандылық!!!

Ерін құрметтейтін,балаларының көзінше әкесін сыйлап,оның дәрежесін көтеріп отыратын әйел-дана әйел.мұндай тәрбиені көріп өскен қыз да ертең ақылды жар,аяулы ана болады. Анасына орынсыз қол көтеріп ұрыспайтын,әйелімен дұрыс мәміле жасай алатын әкені көріп өскен ұл да отбасын сүйрей алатын жақсы отағасы болады.отбасындағы тәрбие бала-шағамыздың ойына ,өмірге деген көзқарасына әсер етпей қоймайды.Әр қайсымыздың бойымызда жақсылық көп.тек соны сабырмен шыңдап,біліммен қырлап,хас жақсы атануға тырысайық.

Күнің еңкейген кезіңде өзіңнен өрбіген ұрпағың көңіліңе кірбің түсірмесін ,жұбаныш болсын,сыйласын,жамандығын көрсетпесін десең,ерте қамдан,ізгі жүректі мейірбан иманды ұл-қыз өсіруді ойла!Алла баршамызға көркем сабыр,берекелі игіліктер берсін!


Рысмағамбетова Жанар Биртаевна 

Ақтөбе қаласы, №47 орта білім 

беретін мектептің мұғалімі