ҚМДБ баспасөз хатшысы хабарлайды 655

ҚМДБ баспасөз хатшысы хабарлайды

19 мамыр 2021 167 Оқу 1 минут

АНЫҚТАЛМАҒАН АҚПАРАТТЫ ТАРАТПАЙЫҚ

Бүгін, ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы өзінің фейсбук парақшасында әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатқан мәселеге қатысты былайша жазба қалдырды: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты жұмыстарының бірі - халықты бірлік пен игілікке ұйыту. Ал ақпарат құралдарында имамдардың жүзі мен руын анықтауға қатысты бейресми мәлімет шындыққа жанаспайтынын жеткіземін.

БАҚ өкілдерін Діни басқармаға қатысты анықталмаған ақпаратты таратпауға және ел арасында түсінбеушілік пікір тудырмауға шақырамын».