Ақтөбе мешіттері 1351 оқушыны мектепке дайындады 3483

Ақтөбе мешіттері 1351 оқушыны мектепке дайындады

22 тамыз 2024 475 Оқу 1 минут

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен Ақтөбе мешіттері ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық қорының" Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жылдағы дәстүр бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді. Жаңа оқу жылының қарсаңына орай ұйымдастырылған бұл дәстүрлі игі шара тек Ақтөбе қаласында ғана емес, аудандық және ауыл мешіттерінде де жүзеге асты. Мақсат – әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету. «Мектепке жол» акциясы аясында 1351 ақтөбелік оқушыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы дініміздегі білім алудың орны мен білімнің маңыздылыған тоқталып, әрбір ер мен әйелге білім алудың парыз екендігін айтты. Игі шараларға жиналған ата-аналар қайырымдылық акциясын ұйымдастырған Ақтөбе облыстық өкілдігіне қарасты барша мешіт қызметкерлері мен демеушілік көрсетіп, ізгі шараға бір ауыздан ат салысқан барлық жомарт жандарға өз алғыстарын айтты.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі