Ақтөбе: РАНТ мүшесі сұхбат берді 1529

Ақтөбе: РАНТ мүшесі сұхбат берді

12 сәуір 2022 103 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев Ақтөбе қаласына келген іс-сапары барысында «Nurgasyr.kz» медиа студиясында қонақ болып, сұхбат берді.

РАНТ мүшесі «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында Ақтолқын Тажиковаға «Зекет – бес парыздың бірі» тақырыбында, сонымен қатар Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» жауапты өкілі Алмат Әлиге «Рамазан – қайырымдылық айы» тақырыбында сүбелі сұхбат беріп, зекет және қайырымдылық т.б аясында сұрақтарға тұщымды жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі