Ақтөбе: «Құран түскен түн» атты жамағат арасында Құран Кәрімнен жарыс өтті 1594

Ақтөбе: «Құран түскен түн» атты жамағат арасында Құран Кәрімнен жарыс өтті

27 сәуір 2022 288 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Қадір түні қарсаңына орай ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Ихсан» орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Құран түскен түн» атты жамағат арасында Құран Кәрімнен жарыс өтті. 

Құранның 30-шы парасын толық жаттаған ерлер жамағаты арасындағы байқауға 60-қа жуық қатысушы қатысты. Оның ішінде жүзден жүйрік танылған 7 адам ақтық финалға жетті.

Жарыстың шымылдығын облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталып, Қадір түні туралы баяндап, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.
«Құран түскен түн» байқауында облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе қаласы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов,
облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мештінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов пен ұстаз Елмұрат Мырзабаев және Хабиболла қари Раушан қазылық етті.

Жарыс қортындысы бойынша Жұмашев Темірлан, Қожахмет Нұрғиса, Қуанышов Ғани, Қуандық Айымбек ынталандырыу иегерлері атанса, ІІІ орынды (100 000 теңге) Нұрашұлы Дархан, ІІ орынды (200 000 теңге) Абдухәкім Аңсар, І орынды (300 000 теңге) Изимов Ильяс иеленді.

Жеңімпаздарға сертификат пен ақшалай сыйлық табысталды.


 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі