ТӘЖІКСТАН МҮФТИІ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ
Тәжікстан Ұлттық Ислам орталығының төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзода Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.
«Тәжікстан Республикасының Ұлттық Ислам орталығының атынан Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Алла Тағала оны бізге, сізге және мұсылман үмметіне әділдікпен, мейірімділікпен және берекетпен қайтарсын. Алла Тағаладан елімізді, басқа мұсылман елдерін және әлемді дерттен, қиыншылықтан арылтуды сұраймыз. Сізге зор денсаулық, бақыт тілейміз. Айт мүбәрәк болсын, жыл берекелі болсын» делінген құттықтау хатта.