Ақтөбе: Облыстың Бас имамы студенттермен кездесті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Экономика және құқық факультетіндегі «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы з.ғ.м. Лаура Тайжанованың ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлымен кездесу өтті.
Студенттермен кездесу барысында облыстың Бас имамы бүгінгі қоғамдағы дін және руханият мәселелерін әр қырынан талқылап, дәстүрлі емес діни ағымдар мен діншілдік мәселесіне тоқталып, жат ағымдардан сақтану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар дінге қатысты кез келген сұрақтар бойынша белгісіз дін өкілінен емес, облыстық «Нұр ғасыр» мешіті мен қалалық орталық мешітінен келіп білу керектігін айтты.
Одан өзге құқықтану мамандығының 1-2 курс студенттері тарапынан қойылған діни сұрақтарға Бас имам тұщымды жауап берді.
Кездесу соңында Бас имамға ұйымдастырушылар мен студенттер алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі