АҚТӨБЕ: «ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ  КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО) 2967

АҚТӨБЕ: «ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО)

06 қазан 2023 206 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында 2023 жылдық айтулы шаралар жоспарына сәйкес жат діни түсініктердің алдын алу мақсатында «ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Жиын Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбетұлының қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, ҚМДБ-ның арнайы түсірілген бейнеролигімен жалғасын тапты.

Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD доктор Қайрат Құрманбаев, аталған университет ректорының кеңесшісі, ҚМДБ Сарапшылар кеңесінің мүшесі, Рақымжан Әкімбеков пен «Нұр Мүбарак» ЕИМУ аға оқытушысы Нұржан Стамбакиев, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Дәуренбеков, философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Үмбетхан Сәрсембин, РАТТ мүшесі, этнограф, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе облысы дін істер басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі, еліміздегі дін саласын зерттеп жүрген ғалымдар мен дін мамандары, БҚО, Атырау және Маңғыстау дін өкілдері; зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым төрағалары, ҚХА жанындағы этнос және БАҚ өкілдері, ішкі саясат бөлімдерінің және дін орталықтарының басшылары т.б жалпы 350-ден аса адам қатысты.

Ғылыми-танымдық конференция барысында құрметті қонақтар «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Ислам және зайырлы мемлекет», «Діни маман дайындаудың маңызы», «Құран, хадис мәтіндерін түсінудегі ғылыми ережелердің маңыздылығы» «Деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны», «Салт-дәстүрдің табиғатқа және шариғатқа негізі», «Діни оңалту және оның тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

Айта кетсек, республикалық конференцияны ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет жүргізді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі