Ат үстінде садақ атудан сайыс өтті
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің ұйымдастыруымен «Дәстүр және отбасы құндылығы» бағыты аясында жамағат арасында ат үстінде садақ атудан сайыс өтті.
Ұлттық спортты насихаттап, ата-бабадан мұра болып қалған дәстүрлі өнерді дәріптеуді мақсат еткен шараға мешіт жамағаты белсене қатысты. Сайыс барысында қатысушылар ат үстінде садақ атып, мергендік пен ептіліктерін сынға салды.
Ат үстінде садақ ату – қазақ халқының жауынгерлік өнері мен ұлттық мәдениетінің ажырамас бөлігі. Мұндай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрге деген құрметті арттыруға ықпал етеді.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар қатысушыларға ұлттық спортты насихаттауға қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі









































