Сұлтанбай Назар Нұрханұлы 178

Сұлтанбай Назар Нұрханұлы

26 қыркүйек 2020 284 Оқу 1 минут

Назар Нұрханұлы Сұлтанбай


1992 жылы туылған.

2009 жылы Шымкент қаласындағы 75 мектеп гимназиясын бітірген.

Құран жаттауға деген алғашқы қадамы 2005-2006 жылдары Шымкент қаласындағы Қамар медресесінде басталған.

Түркиядан келген Ариф Явузлар қаридың қолында құранның жартысын жаттап, сол жылы ұйымдастырылған Шымкент қалалық Құран жарысының 5 пара бойынша бірінші орынды иемдеген.

2009-2012 жылдар аралығында «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығында тәлім алып, құранды тәмамдап, Садуақас қари Олжабайдан Асым қырағаты Хафс риуаяты бойынша ижәзә алып шыққан.

2011 жылы 4-ші Республикалық Құран жарысында 10 пара бойынша 3- ші орынды иеленді.

2012-2013 жылдар аралығында Мысыр Араб Республикасының Кайр қаласында орналасқан "Ніл", "Фәжр" араб тілі дайындық орталықтарында арапша үйреніп, атақты Ахмед Иса әл-Мағсарауй шейхтың Құран орталығында құран қайталаған.

Мысырда жүріп қосымша Сириялық Абдулқадыр Бадинжәки ұстаздан Асым қырағаты Хафс риуаяты бойынша ижәзә алған.

2013-2017 жылдар аралығында Иордания Һашимиттік мемлекетінде Иордания университетінің "Шариғат және оның негізі" мамандығын бойынша бакалавр дәрежесін алған.

2015 жылы 6-ші Республикалық Құран жарысында 30 пара бойынша 5 ші орынды иеленіп, умра қажылығын жеңіп алған.

2017 жылы Халықаралық Иордания мемлекетінде ұйымдастырылған жарыста өз бағын сынаған.

2018-2020 жылдары Қатар мемлекеттік университетінде "Шариғат және оның негізі" мамандығы бойынша магистратура оқуда.

2010 жылдан бері құран хатым өтіп жүрген толық қари.

Отбасылы, екі баланың әкесі.