«Сүлеймен ата» мешіті: «Адамзаттың асыл тәжі» атты Мәуліт кеші өтті
«Сүлеймен ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тәжі» атты Мәуліт кеші өтті.
Рухани кеште мешіт ұстазы Алтынай Исаева Мәуліттің тойлану себебін айта келе, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен сұрақ-жауап жасаап, салауат жарысын қорытындылап, марапаттау рәсімін өткізді. Ал «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова «Салауат айтудың артықшылығы» тақырыбында уағыз айтты.
Шара қортындысында жамағатқа арнайы дастархан жайылып, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жауапты өкілі Кенжегүл Қошқарова шүкіршілік туралы насихат айтса, жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі