РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТКЕ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 1990

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС МЕШІТКЕ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

22 тамыз 2022 149 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы  Республикалық Бас мешітке имам тағайындалды.

Бүгін Бас мүфти Бас мешіт жамағатына имамды таныстырып, бұйрығын оқып берді. «ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешітке Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы имам болып тағайындалсын» делінген ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығында.

Бас мүфти Қанат Қыдырминнің діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, жаңа жұмысына сәттілік тілеп, игі істеріне дұға жасады.

Айта кетсек, Қанат Қоянбекұлы осыған дейін Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарды.