Қамқор-Шарапат өкілі Ақтөбе имамдарына жиын өткізді 3904

Қамқор-Шарапат өкілі Ақтөбе имамдарына жиын өткізді

05 қараша 2024 718 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету ортылығының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Мәжит Әбішевтің қатысуымен орталықтың Республика бойынша қабірлерді цифрландыру жұмысы аясында қала имамдарымен жиналыс өтті.

Жиналыста қозғалған басты мәселе Ақтөбе өңірі бойынша қанша қабір болса, сол қабір иелерін, яғни дүниеден өткен барша азаматтардың аты-жөнін тіркеп, бір жүйеге келтіру.

Жиналысты РАНТ мүшесі,Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы және Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің наиб имамы және ҚМДБ, «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Мәжит Әбішов жүргізді.

Сондай-ақ, жиналыс барысында аталған орталықтың негізгі жұмыс барысы мен алда атқарылар қызметтер турасында сөз қозғалды.

Айта кетейік, орталық зиратқа қатысты сауалдар мен жерлеу жұмыстарының шариғат сай болуын насихаттап, қабір басындағы әдептер мен рәсімдерді бірізділікке салып, біркелкі жерлеу секілді т.б мәселелерге жауап береді.