Шалқар имамдары діни рәсімдерді орындауда бірізділікке шақырды
Шалқар ауданы бойынша «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының өкілі Тлеубай Жамбыл «Жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру» тақырыбында ақсақалдармен басқосу өтті.
Шалқар қайырымдылық мекемесінде өткен шарада Шалқар ауданы бойынша «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының өкілі Тлеубай Жамбыл аудан көлеміндегі қабірлерді цифрландыру, жаназа мәселелерінде діни басқарманың шығарған пәтуаларын басшылыққа алу, зират және зиярат мәдениеті туралы, орталық жұмысы жайлы толығырақ баяндады.
Сондай – ақ, жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу бойынша жұмыс жоспарымен таныстырып, жерлеу рәсімінде діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғаттағы шарттары қандай болу керектігіне егжей-тегжейлі тоқталды.
Одан өзге қатысушылар тақырып аясында сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.