18 Зул-Қағда
Рамазанның 2-ші 10 күндігінде Ақтөбе қаласындағы 9 мешітте 95 рет 14000 адамға ауызашар берілді 4353

Рамазанның 2-ші 10 күндігінде Ақтөбе қаласындағы 9 мешітте 95 рет 14000 адамға ауызашар берілді

20 наурыз 2025 342 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айындағы жоспарына сай қасиетті айдың екінші онкүндігінде Ақтөбе қаласындағы 9 мешітте күнделікті ауызашар берілді.

Атап айтқанда 95 рет 14000 адамға ауызашар дастарханы жайылды.

Сонымен қатар әр ауызашарда Рамазан айының қадірі мен қасиеті, сауабы туралы насихат айтты. Дәстүр сабақтасқан ауызашарда жарапазан жыры айтылып, жыр мен термелер орындалды.

Одан өзге жамағаттың білімін жетілдіру аясында сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Бұл сауабы мол игі бастама Рамазан айы бойы өтеді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі