Рамазанның 2-ші 10 күндігі: 11 ауданда 8129 адамға 96 ауызашар берілді
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің Рамазан айындағы жоспарына сай қасиетті айдың екінші онкүндігінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты 12 ауданның 11-де Рамазанның 2-ші 10 күндігінде 96 ауызашар өтіп, оған 8129 адам қатысты.
Аталған әр ауызашарда имамдар мен ұстаздар Рамазан айының қадірі мен қасиеті, сауабы туралы насихат айтты.
Сонымен қатар дәстүр сабақтасқан ауызашарда жергілікті өнерпаздар жарапазан жырын айтып, жыр-термелер орындады.
Одан өзге жамағаттың білімін жетілдіру аясында сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Бұл сауабы мол игі бастама Рамазан айы бойы өтеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі