«Рамазан және отбасым» атты отбасылық байқауы өтті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұылының Рамазан айына бекіткен жоспарына сай Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешіті алғашқы он күндікте «Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай «Рамазан және отбасым» тақырыбында отбасылық байқау ұйымдастырылды.
Бұл байқау отбасы бірлігін арттыру, балаларға да Рамазан айының мерекесі мен берекесін сезіндіру мақсатын көздеді.
Байқау шарты боцынша отбасы мүшелері жұмыла отырып, Рамазан айының құрметіне үй-жайын безендіру, балалармен бірлесе отыра қолөнермен үйді әшекейлеу, осылайша баламен сапалы уақыт өткізе отыра оларға Рамазандағы жақсы амалдар, көркем мінездер, игі амалдар, садақалар мен көмектер, Рамазанның сыйлары туралы әңгімелеп беру.
Мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Исламдағы бала тәрбиесі. Бала өміріндегі алғашқы Рамазан оразасының әсері» туралы насихат айтты. Байқауға қала, аудандар бойынша 21 отбасы қатысып, оның ішінде 8 отбасы марапатталды. Сондай-ақ балаларға Рамазан сыйлықтары таратылды.
Одан өзге балалардың Рамазан айын қалай өткізіп жатқандығы сұралды. Балалар білетін дұға, қысқа сүрелерін айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі