Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күн сайын ішкен пайдалы сусын 355

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күн сайын ішкен пайдалы сусын

06 қараша 2020 628 Оқу 1 минут

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) денсаулыққа қатысты көптеген сүннеттері мен кеңестері қазіргі таңда ғылыммен дәлелденіп, медицинада кеңінен қолданылуда.

Солардың бірі – бал қосылған су. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күн сайын бал қосылған, зәйтүн майы қосылған су ішкен. Солай жасауға өзгелерге де кеңес берген. Себебі оның адам денсаулығына тигізер пайдасы өте көп:

Ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартады;

Асқорыту жүйесін жақсартады;

Иммунитетті жақсартады;

Тұмау, бронхит, тыныс алу жолдары ауруларын жояды;

Ағзадағы зиянды бактериялар мен паразиттерді жояды;

Артық салмақтан арылтады;

Жүрек ауруларының алдын алады;

Әлсіздікті жояды;

Қандағы холестерин мөлшерін реттейді, сондықтан қан қысымы да қалыпқа келеді;

Шаш түсуін тоқтатады;

Тіс ауруын болдырмайды;

Обырдың алдын алады;

Жастықты сақтайды т.б ауруларға ем.

Сондай-ақ, бал тері күтіміне де аса пайдалы. Бет терісін күту, оны жақсарту үшін косметика саласында кеңінен қолданылады. Теріге арналған түрлі маскалар, скрабтар, жақпа майлар жасалынады.

Сондықтан денім сау болсын десеңіз, күн сайын таңертең 1 стақан жылы суға бал араластырып ішуді әдетке айналдырыңыз.