Облыстың жаңа наиб имамы Әйтеке би ауданына барды 5052

Облыстың жаңа наиб имамы Әйтеке би ауданына барды

05 желтоқсан 2025 58 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жаңа наиб имамы Жексенбай Торбаев алғашқы жұмыс сапарын Әйтеке би ауданынан бастады. 

Сапар барысында аудандық мешітте «Ата-ана, ағайын-туыстың діндегі орны» тақырыбында жұма насихатын айтты.

Ал құптан намазының алдында «Жаман әдеттен қалай арыламыз?» тақырыбына тоқталды. Одан кейін мешіт асханасында жамағатпен дастархан басында кездесіп, Кәһф сүресіндегі қиссаларын түсіндірді.

Бұл сапар руханиятқа толы басқосу болды деді жамағат. Арнайы келген наиб имамға, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі