26 Рабиғ әл-әууәл
05:20 Таң
«Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында насихаттар айтылды 4724

«Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында насихаттар айтылды

04 тамыз 2025 70 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли «Қабақ баба» мешітінде, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Хамитов Мырзабек «Нұрлан Махаббатұлы» мешітінде және «Нұрлан Махаббатұлы» мешітінің бас имамы Ерлан Меңдіқұлов Ақтөбе қалалық мешітінде «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХӘЛ ІЛІМІ» тақырыбында жұма уағызын өткізді.

«Қазақ руханиятының терең қабаттарына көз жүгіртсек, жүректің тазаруы мен адамның ішкі кемелдігін басты орынға қойған ілімнің ізін көреміз. Бұл жай ғана білім емес, рухани тәжірибе мен Хақты жүрекпен тануға негізделген сопылық ілім. Осы ілімнің Орталық Азия кеңістігіндегі ең ірі өкілі – Қожа Ахмет Ясауи бабамыз. Оның рухани мұрасы, әсіресе, «Диуани Хикмет» атты еңбегі ғасырлар бойы халық арасында Аллаға жақындаудың жолын нұсқап келеді»-деп сопылық ілімнің негізін мәнін түсіндіріп өтті.

Айта кетейік, «Көшпелі уағыз керуені» жобасы имамдардың жан-жақтылығын дамытып, жамағат татулығы мен бірлігін нығайтуға бағытталған.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі