Облыстың Бас имамы Қобда ауданындағы мешіттермен танысты 3646

Облыстың Бас имамы Қобда ауданындағы мешіттермен танысты

13 қыркүйек 2024 219 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Қобда ауданына арнайы барған жұмыс сапарында өңірдегі 5 мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. 

Амантай Әбділдаұлы ауданның бас имамы Абай Шымболаттың атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады.

«Шәріп молда атындағы» орталық аудандық мешіт, Талдысай ауылдық мешіті, Егіндібұлақ ауылындағы «Бақыт ана» мешіті, Әлия ауылындағы «Рахман» мешіті, Қызылжар ауылындағы Абылайхан мешітіне арнайы барып, жай-күйін көріп, тазалығына назар аударып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстарын тексерді. Одан өзге мешіттің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.


«Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі