Облыстың Бас имамы мешіт қызметкеріне УМРА қажылығына сертификат табыстады 3110

Облыстың Бас имамы мешіт қызметкеріне УМРА қажылығына сертификат табыстады

20 қараша 2023 1359 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы аталған мешітте 11 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тазалықшы Роза Кошжановаға УМРА қажылығына сертификат табыстады.

Сауабы мол игі істе есімін жарияламауды сұраған кәсіпкер, мешіт жанашырының демеушілігімен кіші қажылыққа жолдама берілді.

Айта кетсек, Роза Исмағұлқызы облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде 2012 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алла қаласа 2024 жылы зейнет демалысына шығады. 

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі