Облыстың Бас имамы марапатталды 2321

Облыстың Бас имамы марапатталды

15 желтоқсан 2022 187 Оқу 1 минут

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлын облыс әкімі Ералы Тоғжанов марапаттады. 

Аталған марапатты облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев табыстады. 

«Құрметті Серікжан Еншібайұлы!

Сізді 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!

Егемен еліміздің еңселі,  Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жолында ерекше салада атқарып жатқан жұмысыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сізге зор денсаулық,отбасыңызға амандық,  қызметіңізге табыс тілеймін!»,  -делінген алғыс хат мәтінінде.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі