НЕГЕ ОСЫ ДҰҒА ОҚЫЛАДЫ? 124

НЕГЕ ОСЫ ДҰҒА ОҚЫЛАДЫ?

21 қыркүйек 2020 2425 Оқу 1 минут

Сұрақ: Әссәләәму алейкум!

Құран оқып бата беру үшін қол жайғанға дейін «субхана Роббикә Роббил ғиззәти ғәммә ясыфун...» деген дұғаны оқып барып қол жайылады. Осының себебін айтып беріңізші.

 

Жауап: Уа алейкум ассалам!

Бұл Құран Кәрімнен алынған дұғалар қатарына жатады. «Саффат» сүресінің: «Субхәнә Роббикә Роббил ъиззәти ъәммә ясыфун. Уә сәләмун ъәләл мурсалин. Уәл хамду лилләъә Роббил ъәләмин» (Мағынасы: Сенің Раббың – үстемдік Раббысы олардың сипаттағандарынан пәк. Әрі елшілерге сәлем, амандық. Барлық мақтау – әлемдердің Раббысы Аллаға[1]», - деген аяттары.

Аталмыш аяттар Құран оқып, бата жасаудан алдын айтуының себебі жайлы: «Кімде-кім қиямет күні таразысы сауапқа тола болуын қаласа, мәжілістен (отырыс, басқосудан) тұратын кезде: «Субхәнә Роббикә Роббил ъиззәти ъәммә ясыфун. Уә сәләмун ъәләл мурсалин. Уәл хамду лилләһи Роббил ъәләмин», - деп айтсын[2], - деген риуаят бар. Демек, мәжілісте артық-кем айтылған сөздерге каффарат, яғни өтеу болатын дұға.

Түйіндей айтқанда, бұл дұғаны екі жағдайда оқыған құба-құп болады: Құран оқып бата жасаудан алдын және мәжіліс немесе отырыс аяқталғанда.

Дайындаған: nurgasyr.kz

 


[1]Саффат сүресі, 180-182 аяттар

[2]Тафсир Ибн Касир, 3-том, 243-бет