Намаз оқу мәкрүһ саналатын уақыттарды дәлме-дәл қалай анықтауға болады? 311

Намаз оқу мәкрүһ саналатын уақыттарды дәлме-дәл қалай анықтауға болады?

30 қазан 2020 8196 Оқу 1 минут

Сұрақ:

Жақында ғана намаз оқуға мүлдем тыйым салынатын мәкрүһ уақыттардың барын білдім.

Атап айтқанда, күн көкжиектен көтеріліп келе жатқанда, тас төбеде тұрғанда және батып бара жатқандағы уақыт. Күн тас төбеде тұрған уақытты өзім де дәлме-дәл есептей аламын. Ал күннің атар және батар уақыттарын қалай білуге болады және бұл (яғни, күннің атуы және батуы) қанша уақытқа созылады?

Жауап:

Уқба ибн Амрдан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте былай деп келеді: «Алланың Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бізге мына аталған үш уақытта намаз оқуға және қайтыс болған адамды жерлеуге тыйым салған болатын: күн атып бастаған уақыттан найза бойы көтерілгенге дейін, күн тас төбеде тұрған сәттен бастап батысқа қарай бата бастағанға дейін және күн енді бата бастаған уақыттан толық батқанға дейін (авт.: яғни, көкжиекте қызыл шапақтың қалғанына қарамастан, күннің домалағы батқан уақыт)» (Мүслім, Сәләтул-Мусафирин, 294).

Аталмыш хадистен мынадай бірнеше үкім шығаруға болады: Күн атып бастаған уақыттан бастап кезекті 40-45 минуттың ішінде парыз намаздарды да, нәпіл намаздарын да оқуға болмайды. Сонымен қатар, күн тас төбеге көтерілгеннен бастап түскі бесін намазының уақыты кіргенге дейін де намаз оқу мәкрүһ саналады. Алайда бұл уақыт аралығы жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жазғытұрым бұл мәкрүһ уақыт шамамен 40-45 минутқа созылады, ал қыс мезгілінде 2-30 минут шамасында. Және бір уақыт – күн адамның көздерін шағылыстыруын тоқтатып, сарғылт тарта бастаған уақыттан толық батқанға дейін. Бұл мәкрүһ уақыт ақшам намазынан шамамен 40 минут бұрын басталады. Бұл уақытта тек екінті намазының парызын ғана оқуға болады, одан басқа нәпіл де, уәжіп намаздар да оқылмайды.

Таң және екінті намаздарынан кейін намаз оқуға тыйым салынуының бір себебі – күнге табынатындарға ұқсамау және еліктемеу. Өйткені олар өз құлшылықтарын дәл осы уақытта атқарады. Ал күн тас төбеде тұрған уақытта бесін намазын оқудың ұнамсыз амал болып саналатындығы кейбір риуаяттарда келгендей, дәл осы кезде Тозақтағы оттың күшейіп жанатындығымен байланысты. (Мүслім, Сәләтул-Мусафирин).

 

al-isnad.kz сайтынан аударған: www.nurgasyr .kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шетелдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы nurgasyr .kz сайтына тиесілі.

Nurgasyr .kz сайтында жарияланған кез-келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде nurgasyr .kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.