ЕКІНШІ СӘЖДЕГЕ БАРМАСТАН, ҚАТЕЛЕСІП ҚИЯМҒА ТҰРЫП ҚОЙДЫМ. НЕ ІСТЕЙМІН? 312

ЕКІНШІ СӘЖДЕГЕ БАРМАСТАН, ҚАТЕЛЕСІП ҚИЯМҒА ТҰРЫП ҚОЙДЫМ. НЕ ІСТЕЙМІН?

30 қазан 2020 479 Оқу 1 минут

Сұрақ: Екінші сәждеге бармастан, қателесіп қиямға тұрып қойдым. Намазымды қалай жалғастырамын?

Жауап: Кімде-кім намаз рәкағаттарының бірінде байқаусыздан бір ғана сәжде жасап, келесі рәкағатқа түрегеп қойғанда есіне түссе, келесі рәкағаттың сәжделерінен бұрын ұмытып кеткен сәждесін өтейді. Егер оны ұмытқанын намазының соңында есіне түсірсе, оны намаздың соңында өтейді. Сосын сәжде тәртібін қадағаламағаны үшін сәһу сәжделерін орындайды. Ал егер сәждені атқарусыз қалдырғанын намазын аяқтап қойғанда есіне түсірсе, әрине, егер сөйлеп немесе мешіттен шығып үлгермеген болса, ұмытқан сәждені өтеп, сосын сәһу сәжделерін орындайды. Намазды аяқтап, біреумен сөйлескеннен соң немесе мешіттен шыққанда есіне түсірсе, онда намазын қайта оқиды.

«Ислам ғибадаты», І том.