Мешітте мисуак қолдану міндет пе? 302

Мешітте мисуак қолдану міндет пе?

30 қазан 2020 252 Оқу 1 минут

Сұрақ: Әссәләмуғалейкум. Намазхан бауырлардың арасында мисуак қолдану кең тараған амал. Осы ретте, мисуакты қолданудың әдебі қандай болмақ? Кейбірі намазға қамат айтылып жатқанда мисуак қолданып тұрады. Осы жайт маған жағымсыз көрінеді, артық айтсам кешірім сұраймын.

 

Жауап: Уа алейкум ассалам!

Мисуак қолдану – сүннет. Хадисте бұл амал Алла Тағаланың ризашылығына себеп болатындығы һәм ауыз қуысын тазалайтындығы айтылған. Десе де, мисуак пайдаланудың басты бірнеше әдебі бар.

1. Көпшілік арасында қолданбау. Мисуакты мешіт іші немесе көпшілік бас қосқан орындарда пайдаланбаған жөн. Бұл бекзаттық пен әдепке сай болмайды.

Айша (р.а.) анамыз «Алла елшісі (с.ғ.с.) үйге кірген кезде ең бірінші не істеуші еді?» деген сұраққа: «Мисуак қолданатын[1]», - деп жауап берген. Бұл хадис жөнінде «Икмал» кітабында: «Бұл көп қолданатынын және қайта-қайта пайдаланатынын, тек күндіз-кешке бір ретпен шектелмейтіндігін көрсетеді. Ал «үйге кіргенде» деп арнайы айтылуы, бекзат пен әдепті адамдар мұндайды көпшілік көзінше істемейтіндігін білдіреді. Сондықтан, мешіт ішінде және көпшілік орында уәжіп емес[2]», - деп айтылған.

2. Қолданып болған соң, жабысқан лас нәрселерден тазалау үшін мисуакты жуған абзал, яғни мұстахаб. Айша (р.а.) анамыз: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) мисуак қолданған соң, маған мисуакты жуу үшін беретін...[3]», - дейді.

3. Мисуакты таза жерде сақтау. Әрине, бұл әдеп арнайы дәлелді қажет етпейді.

4. Егер мисуак қолданса тісіңіз қанайтын әдетіңіз болса, ұқыптылықпен қолданған жөн. Тістің қанауы бұдан кейін де қайталанатын болса, онда екі жолы бар:

1. Дәрет алатын су болмаса, әрі намаз уақыты тығыз болса, тісі тез қанайтын кісіге мисуак қолдануға тыйым салынады;

2. Дәрет алатын су да баршылық, намаз уақыты да кең болса, тісі қанайтын кісіге мисуак қолдану мұстахаб емес, мүбах.

Дайындаған: nurgasyr.kz

 


[1]Мүслім

[2]Икмал

[3]Әбу Дәуіт