ҚМДБ ЖАНЫНАН «РУХАНИ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС» ҚҰРЫЛАДЫ
Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде дін қызметкерлеріне арналған бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.
«Бүгінде Діни басқарма қоғаммен байланыс жұмыстарына басымдық беріп келеді. Қоғаммен байланыс бағыты бойынша жұмыстарымызды жандандыру мақсатында ҚМДБ жанынан «Рухани қоғамдық кеңес» құру туралы шешім қабылдадым. Бұл бастама жастармен, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік ашады» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы.