ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ 17650 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (08.06.2025)
Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырды.
8 маусым – Құрбан айттың үшінші күнгі деректеріне сүйенсек, еліміз бойынша жалпы саны 6107 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 258 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой – 5103, ешкі – 428, ірі қара – 556, түйе – 20.
Құрбандық еті республика көлемінде 17650 мұқтаж отбасы мен 591 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей!





































