«Көшпелі уағыз керуені»: Руслан Елемесов жұма насихатын айтты 4763

«Көшпелі уағыз керуені»: Руслан Елемесов жұма насихатын айтты

25 тамыз 2025 59 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Көшпелі уағыз керуені» жобасы аясында Ақтөбе қалалық мешітінде жұма уағызын «Қурайлы» мешітінің бас имамы Руслан Елемесов өткізді. 

Жамағатқа «Жан мен тәннің рухани тазалығы» тақырыбында айтылған уағыз-насихатта: «Адам баласының кемелдікке жету жолы – өзін-өзі тәрбиелеуден, нәпсісін тыйып, жүрегін тазартудан басталады. Шындығында, кімде-кім өз бойына үңіліп, руханиятын түзетсе – жүрегі тазарады, жаны нұрланады, амалдары көркейе түседі»-деп атап өтті.

Айта кетейік, аталған жоба жыл соңына дейін жалғасын таппақ.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі