«Имани жаз – 2023» атты сауат ашу курсының шәкірттеріне экскурсия өткізді 2785

«Имани жаз – 2023» атты сауат ашу курсының шәкірттеріне экскурсия өткізді

16 маусым 2023 221 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбековтың ұйымдастыруымен «Имани жаз – 2023» атты сауат ашу курсындағы шәкірттерді атадан қалған құнды мұраны таныстыру мақсатында «Шалқар ауданының тарихи-өлкетану музейі»КММ-не барды.

Қаншама жылдар өтіп, замана ахуалы өзгеріп тұрғанымен есімдері ескірмейтін, өнегесі көнермейтін, ел-халық жүрегінде жақсы аты жаңғыра беретін аяулы һәм құрметті жандар болады. Солардың бірі — Жанаман ахун Сейтімұлы жайлы музей қызметкерлері бүлдіршіндерге мәліметтерге тоқталып, карта арқылы мешітпен таныстырды.

Сонымен қатар экскурсия барысында төрт түлік малдың жүнін пайдаға асыратын түбіттарақ, аяа, сабау, ұршық құралдарының жасалу жолдары мен оның қолдану тәсілі туралы және тарихи-мәдени мұраларымыздан хабардар етіп, ескерткіштер туралы мағлұмат беріп, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндірді.

Шара қортындысында шәкірттерге тәттілер таратылып, ұстаздармен бірге естелік суретке түсті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі