Имам мен ұстаз «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды
«Aqtobe» телеарнасындаңы «Дін мен дәстүр» бағдарламасында «Бақытжан» мешітінің ұстазы Еламан Кәрім бала тәрбиесі, ал «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Дүйсеев сыйлық беру мәдениеті туралы сұхбат берді.
Бағдарлама барысында асыл дініміз Ислам өзге адамдарды құрметтеп-сыйлауға, олармен ең көркем қарым-қатынаста болуға шақыратындығын атты.
Нұрлыбек Дүйсеев Ислам бейбітшілік, махаббат пен мейірім діні. Адамзатқа сүйіспеншілік тарату оның ажырамас бөлігі, ал сыйлық соның құралы дей келе әр ісі даналыққа толы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сыйлыққа үлкен мəн бергендігі туралы баяндады.
Ал Еламан Кәрім тәрбие басы – имандылық екендігін жіті талдап, бала тәрбиесіндегі басты тәсілдерді ұсынды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































