«Қарттар асыл қазынамыз» атты қарттарды құрмет іс - шарасы өтті 3843

«Қарттар асыл қазынамыз» атты қарттарды құрмет іс - шарасы өтті

20 қазан 2024 132 Оқу 1 минут

Ақтөбе, облысы Қобда аудандық "Шәріп молда" мешітінде "Дін мен дәстүр" тақырыбында әйелдер жамағатының ұстазы Баян Мустахаптың ұйымдастыруымен "Қарттар асыл қазынамыз" атты қарттарды құттықтау іс - шарасы өтті."Қарттар асыл қазынамыз" атты құттықтау іс - шарасының өткізілуінің мақсаты аяулыда ардақты әжелерімізді құрметтеу арқылы жасұрпаққа үлкенді сыйлауды сол үлкендерің батасының тәрбиесінің маңызды екенін ұғындыру.

Іс- шара барысында әжелерімізге арнап дастархан жасалынып Қобда ауданының "Шәріп молда " мешітінің имамы Абай Шинболатов әжелерімізді "Қарттар күнімен" құттықтап әжелерімізге дін мен дәстүрді бірге ұстанудың маңыздылығы жайлы ата- бабамыз ұстанып келе жатқан адами құндылықтарды балаларымыздың бойына сіңдіру арқылы еліміздің тыныштығымен дамуын үлкен әсер ететін айтты.

"Шәріп молда" мешітінің ұстазы Баян Мустахап әжелерімізді мерекелеріммен құттықтап алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Ұстаз отбасындағы әжелеріміздің алар орны ерекше екендігі салихалы ұрпақтың болуына себепкер болатыны туралы мәліметтер айтты.Іс - шара барысында дін мен дәстүрге байланысты жамағатынан қойылған сұрақтарға Баян Мустахап қанағатанарлықтай жауаптар берді.