«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры болып Ақжігіт Жарбол Болатұлы тағайындалды.
Ол бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының орталық аппаратында абыройлы қызмет атқарып, тәжірибе жинақтаған.
Жаңа басшыны ұжымға ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл ресми таныстырып, алдағы жұмысына табыс тіледі. Сондай-ақ, Жамбыл облысының Бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жаңа медресе директорына сәттілік тілеп, медресенің өңірдегі діни білім беру ісіндегі маңызын атап өтті.
Ақжігіт Жарбол Болатұлы





































