Облыстың Бас имамы Алға ауданының әкімімен кездесті
Бүгін Ақтөбе облсының Бас имамы Амантай Садиев арнайы іссапармен Алға ауданына барды. Сапар барысында ауданның әкімі Асланбек Сүйіншалиевпен Асланбек кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу және діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу бағытындағы жұмыстар кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар аудандағы рухани-мәдени іс-шараларды жандандыру, жастармен және тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, мемлекеттік мекемелер мен дін саласы мамандарының өзара ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелеріне тоқталды.
Одан өзге алдағы уақытта ауданның рухани тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бірлескен жобалар мен жоспарлар пысықталып, ортақ мақсат жолындағы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Айта кетсек, сапар аясында облыстың Бас имамы аудандық «Хазрет Мұхаммедқазы Медіқұлұлы» мешітінде жамағатпен кездесіп, «Ар-ұят – имандылық белгісі» тақырыбында жұма уағызын айтты.
Жұма намазынан кейін Амантай Садиев мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































