Хромтау ауданына жаңа бас имам тағайындалды 4730

Хромтау ауданына жаңа бас имам тағайындалды

08 тамыз 2025 586 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Хромтау ауданының бас имамы болып Марал Иманғали тағайындалды.

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінен арнайы келген Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Жаңадан тағайындалған бас имам Марал Иманғалиды таныстырды. Өз кезегінде осы уақытқа дейін Хромтау ауданының бас имамы қызметін атқарған Ерік Сұлтановқа ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар жаңа имамның алдағы уақытта атқарар қызметіне сәттілік тіледі. Хромтаулық жамағат бұған дейін аудан бас имамы қызметін атқарған Ерік Қонақбайұлының иығына шапан жауып, алғысын білдірді.

Айта кетсек, Ақтөбе қаласының Бас имамы «Құрметтің шыңы — ата-анаға ілтипат» тақырыбында уағыз өткізіп, насихат айтты.

Марал Ермекбайұлы Ақтөбе облысы, Хромтау ауданына қарасты Ақжар ауылында дүниеге келген.

Білімі

«Ақтөбе» медресе-колледжінің түлегі. Діни білімін үнемі жетілдіру мақсатында 2017 жылы Имамдар институтында білімін тереңдетсе, 2022 жылы Әл-Азхар университетінің ұйымдастыруымен өткен курсты сәтті аяқтап, арнайы куәлікке ие болды.

Қызмет жолы

2015 жылы — Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы;

2017 жылы — «Шапағат» ақпараттық кеңес беру орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы

2019–2020 жылдары аудандық әкімдікте теолог;

2021–2023 жылдары Ақтөбе қалалық орталық мешітінде наиб имам;

2023 жылдан бүгінге дейін Мәртөк ауданының бас имамы қызметін атқарды.

2018 жылы облыс әкімінің «Ең үздік қоғамдық бірлестік» аталымы бойынша алғыс хатымен марапатталып, 2024 жылы «Ақтөбе облысының үздік имамы» номинациясының иегері атанды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі