Ердің отбасында басшы болуының сыры неде? 432

Ердің отбасында басшы болуының сыры неде?

28 желтоқсан 2020 45 Оқу 1 минут

Ердің отбасында басшы болуының сыры – əйеліне көркем мəміле жасай алуында жатыр... 

Ақыл, ой-пікірінің жетіктігінен және қиындықтарға төзімділігінен ер кісі отбасының басшысы болып табылады. Бұл əйелдердің ақылы кем деген сөзді білдірмейді əрине. Алла тағала Құранда: 

«Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Алла бірін-бірінен артық қылды[1]» деген. 

Ер адамға бұл жауапкершілік жүктелгендіктен, кездесетін кейбір
қиындықтарға төзіп, кейбір кемшіліктерге көз жұмып, өзін сабырға үндеуі қажет болады. Ал, әйел заты, негізінде, табиғатынан бітім-болмысы әлсіз. Сезімге жақын жаратылыс. Егер ер адам əйел затын әрбір нәрсеге есеп ете берсе, əйел еш нәрсе істей алмай қалады. Ал оның қисықтығын түзету – оны сындырып алуға апарып соғады. Оны сындырып алу – онымен ажырасу. 

Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан:
«Әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер. Өйткені олар қабырғадан
жаратылған. Қабырғаның ең қисығы – ең жоғарыдағысы. Оны түзетемін десеңіз, сындырып аласыз. Ал, қоя берсеңіз, қисық күйінде жалғаса береді. Сондықтан әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер[2]». 

 

Дайындаған Nurgasyr.kz

 


[1] Ниса сүресі 34 аят

[2] Бұхари мен Муслим жеткізген