Бозойда мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды 1254

Бозойда мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды

29 қаңтар 2022 134 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының Бас имамы Бақыт Әбдіисламұлының бастамасымен Бозой ауылында мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир өтті. 

Жарысқа өңірдің аудан, ауыл мешіттері жамағатынан құралған 4 команда қатысты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, ерекше ойын көрсеткен 3 командаға арнайы ақшалай жүлде табысталды.

Жарыс қортындысында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің жамағатынан құралған «Шалқар» командасы жүлделі ІІІ орынға ие болып, 5 мың теңгені иеленсе, Бозой ауылының «Сұңқар» командасы ІІ орынға табан тіреп, 10 мың теңге сыйақыны қажығасына байлады. Ал турнирде үздік нәтижемен Бозой ауылдық «Аманғали ахун Итесұлы» мешітінің жамағаты І орынды жеңіп алып, 15 мың теңге қаржылай сыйақымен марапатталды.

Жарыс қортындысында Бозой ауылының жастары өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп ауданнан келген қонақтарға құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.

Іс-шара дастархан басында Шалқар аудандық мешітінің найб имамы Нұрсұлтан Жүнісәлінің уағыз-насихатымен жалғасын тапты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі