Ауыл имамы V республикалық азаншылар байқауында Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды
Бүгін Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарлы ауылдық мешітінің имамы Таңжарбай Сұлтанұлы «Әдемі әуезді Азаншы» атты V республикалық азаншылар байқауында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.
Еліміздің әр аймағынан қатысқан 20 азаншының қатарында Ақтөбе өңірінен Таңжарбай Әкім қатысты.
Әдемі әуезді азаншыларымыздың республикалық сайысы алғаш рет 2009 жылы елордада өтсе, одан кейін Алматы мен Ақтөбеде, 2020 жылы Маңғыстау жерінде өткен болатын. Республикалық Құранды жатқа оқудан өтетін байқаулар қариларымызды елге танытып жатса, азаншылар жарысы да әдемі әуезді дін қызметкерлерінің көпшілікке танылуына жол ашып келеді. Қарапайым ғана аудандық, ауылдық мешіттерде қызмет істеп жүрген имамдардың үлкен қалалардың орталық мешіттерінде азан айтуына мүмкіндік береді» деді Бас мүфти.
Айта кетсек, жарыс Алматы қаласында 16-17 маусым күні өтті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі