«ҚАРА КАССА» ОЙНАП ҰМРАҒА БАРУҒА БОЛА МА? 3075

«ҚАРА КАССА» ОЙНАП ҰМРАҒА БАРУҒА БОЛА МА?

12 қазан 2023 154 Оқу 1 минут

Қазіргі таңда ұмра сапарына барудың жаңа бір тәсілі пайда болды. Яғни, бірнеше адам «қара касса» ойнап, араларынан кезекпен бір адамды ай сайын ұмраға жіберіп отырады.

Мәселен, он кісі бірігіп, әр айда біреуін ұмраға жіберу мақсатында «черная» касса» ойнайды. Ұмра сапарының қаражаты 700 мың теңге болса, әрбірі сапарға шығатын адамға 70 мың теңгеден жинап беруге келіседі. Солайша белгілі уақыт ішінде он адамның барлығы ұмраны орындап қайтады. Ал ұмраға баратын адамды олар құра тастап анықтаулары мүмкін.

Кейбір ғалымдар мұндай жолмен ұмраға баруды сүннет де, мұстахап да емес деп санайды. Яғни, жалпы айтқанда, бұлай істемеген жақсырақ, дейді. Себебі, ұмраға алдын барып келген адам кейін баратын адамдардың ақшасын қайтарады. Демек ол адам ұмраға қарыз алып барып келген болып тұр. Бұл іс – мәкруһ. Өйткені, «Алла Тағала ешбір адамға шамасы келмейтін міндетті жүктемейді» («Бақара» сүресі, 286-аят). Шамасы келмейтін адамның қажылық пен ұмра ғибадатын орындауы да міндет емес.

Алла Тағала Құранда: «Жақсылық және тақуалық жолында бір-біріңе жәрдемші болыңдар», – деп бұйырады («Маида» сүресі, 2-аят). Бұл аяттан үйлену, үй салу, қарызды өтеу және басқа қажетті істерге жәрдемдесу керекті түсініледі.  Ал, қарыз алып ұмраға баруды жәрдем деп нақты айту қиын.

Шариғатымызда қажетті істерге және қатты қиналған жағдайда ғана қарыз алуға бұйырылады. Ал, ұмра ғибадаты міндеттелген құлшылыққа жатпайды. Сондықтан ұмра сапарына баратын адам мүмкіндік болса, қарызданбауы керек.

 

Хасан АМАНҚҰЛ

«Мұнара» газеті, №4, 2023 жыл

Ұқсас жазбалар

ТҮС ЖОРУ ХАРАМ БА?

ТҮС ЖОРУ ХАРАМ БА?

14 тамыз 2024 144
ИМАНИ ГҮЛ

ИМАНИ ГҮЛ

11 тамыз 2023 279
ОТАҒАСЫ

ОТАҒАСЫ

04 желтоқсан 2020 414