11 Рабиғ әл-әууәл
21:27 Құптан
Жаңалықтар
29 September 2021 577
Жүрегіміз сау болу үшін не керек?

Жүрек – имандылық пен күпірліктің мекені. Жүрек – басқарушы орталық. Адамның сезімдері мен дене мүшелері осы орталыққа бағынады, орталықтан алған бұйрық бойынша әрекет етеді. Егер жүрекке иман ұяласа, адамның бойында имандылық, көркем мінез-құлық көрініс табады. Ал жүректі күпірлік мекен етсе, адамның бойында имансыздық пен жаман қасиеттер пайда болады. Яғни, жүрек – жақсылық пен жамандықтың қайнар бұлағы.

Жаңалықтар
29 September 2021 929
Абай айтқан «жүрек»

29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні. Осыған орай ұлттық даналықтың туын сана биігіне желбіреткен қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларында «жүрек» сөзін 40-тан астам мағынада 107 рет бергендігі туралы ұсынамыз.

Жаңалықтар
28 September 2021 398
Әлихан Бөкейхан: Біріңді-бірің адастырмақсыңдар...

Үнді жерінде, Сурат қаласында кафеханасы бар еді. Сонда талай жерден, талай елден адамдар кез болып ұшырасатын еді. Бір күні сол кафеханаға Иранның бір ғалымы кірді. Бұл ғалым тəңірінің тəңірісін танып білемін деп көп әуре болған еді. Осы турасында көп оқып, өзі де көп жазған еді. Көп оқып, көп жазып, көп ойлап, ақылы ауысып, ойы шатасып, ақырында Құдайға тіпті илануды қойған. Мұнысын Иран патшасы біліп, қол астында тұрғызбай, қуып жіберген. Сорлы ғалым тәңірліктің түбіне жетем деп, ойлай-ойлай, өзінің миы ашығанын сезбей, барша ғаламды билеуші ұлықтың-ұлығы, дананың данасы, Құдайды жоқ қылмақ болған.

Мақалалар
28 September 2021 148
Ихсан – жанға азық, тәнге шипа

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміз бойынша насихатталып жатқан ихсан ілімін жамағат жақсы қабылдап, ізгі ниеттерін жеткізуде. Шын мәнінде, Ихсан ілімі мұсылман баласын ізгілікке үндеп, адамгершілікке тәрбиелейді, құлшылық пен игі амалда ықыласты болуға шақырады. Өйткені Ихсан – жанға азық, тәнге шипа беретін ілім.

Мақалалар
27 September 2021 155
Бектемір Қуандықұлы: Зиярат мәдениетін қалыптастыру – қажетті қадам

Бүгін, 27 қыркүйек – халықаралық туризм күні. Атаулы датаға орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Darhan Dala Travel» туристік фирмасының директоры Бектемір Қуандықұлының «Мұнара» газетінде жарияланған сұхбатын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Мақалалар
23 September 2021 188
Дін дәстүрге қайшы ма?

Қоғамда түрлі көзқарастардың қалыптасуы заман өте адамдардың қалыпты дағдысына айналып, тұрмысы және әдебімен астасып отырады. Қалыптасқан қағидалар електен өту арқылы халықтың өмірлік мәніне, ал осы қағидалардың озығы ғана салт пен санаға, дәстүр мен ғұрыпқа айналады.

Жаңалықтар
16 September 2021 414
Уақыттың қадірі

Уақыт – Алла Тағаладан адамзатқа берілген бағалы ризық. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі уақыт – бізге берілген үлкен мүмкіндік. Сондықтан, уақытты босқа өткізу адам өміріне жасалған үлкен қиянат.

Жаңалықтар
13 September 2021 3830
Кешірімді кісіге Жаратқанның сыйы бар

Алла Тағаланың адам баласына берген асыл қасиеттердің бірі – кешірімділік. Кешірімді болу адамдар арасын жарастырады, біріктіреді. Мына әлемнің пәни екендігін сезіндіреді. Кешірім жасау арқылы біз бітпес даудың түйінін шешіп, ата жауды адал досқа айналдырамыз. Мысалы, өзгелерге кешірімді болу, кешіріммен қарау мейірімділікке жол ашады. Ал кешірім сұрамау мен кешірмеу – адам өмірін түпсіз тұңғиыққа тірейтін жағымсыз қасиет. Сондықтан арадағы өкпе назды ұмыттыратын ең жақсы қасиет – кешірімділік.

Жаңалықтар
11 September 2021 217
Серікжан Еншібайұлы: Шариғат бойынша той өткізудің де өзіндік талап-тәртібі бар

Елімізде қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Осы атаулы күнге орай біз облыстың Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлымен асыл дінімізде шаңырақ көтеру туралы не делінген, оның жөн-жоралғысы қандай, жалпы үйлену тойындағы ислам қағидаттары туралы сұхбаттасқанбыз. Сондай-ақ ер мен әйелдің қанша жаста үйлену керектігі, олардың бір-бірінің алдындағы міндеттері, т.б. жөнінде білген едік…

Жаңалықтар
08 September 2021 672
Отбасының тірегі – сыйластық

«Отан – отбасынан басталады» демекші, отбасы – қоғамның ең маңызды құрылымы. Сондықтан Ислам отбасына көп көңіл бөледі. Исламда неке – екі жанның қасиетті бірлігі, сенімділіктің бастауы.

Жаңалықтар
25 August 2021 226
Суық көңілді сөз жылытады

Алла Тағаланың адам баласына берген ең үлкен нығметінің бірі – сөз. Сөйлеу арқылы ойымызды еркін жеткізіп, қалаған нәрсемізді түсіндіре аламыз. Философтардың пайымдауынша, сөз деген адамның ішінде пайда болған ойы екен. Олар сөзді ойдың тіл арқылы сыртқа шығарылуы деп тұжырымдаған. Демек адамның айтайын деп тұрған ойын сөз деп қабылдаған. Ал шариғат бойынша, ауыздан шықпайынша ой сөз қатарына кірмейді. Сондықтан адам жаман ой ойласа, оған күнә жазылмайды. Намаз оқып тұрған адам ойға шомып кетсе, намазы бұзылмайды, ал сөйлесе, бұзылады. Демек дініміз ойды сөз деп қабылдамаған.

Жаңалықтар
18 August 2021 263
Жәннат нығметтері

Жақсы істің қарымын күту, жұмыстан кейін еңбекақы алу, игі амалдың нығметін көру, былайша айтқанда, бейнеттің зейнетін көру – адам табиғатына тән құбылыстың бірі. Пенде көп жағдайда кез келген істің өзіне пайдалы тұсын көздеп тұрады. Адамды махаббатпен жаратқан және оның бүкіл болмысын толық білетін Алла Тағала өз құлдарын жақсылыққа бұйырып, оның қарымтасы ретінде мәңгілік бақыт мекені болған жәннатын уәде етті.